Қазақстанда жерді шетелдіктерге сату мен жалға беруге заңды түрде тыйым салынады

Тоқаев заң жобасын жасауды тапсырды


25/02/2021
13:27 45879 0

Фото: inform.kz

 

25 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына арналған жерлерді шетел компанияларына жалға беруге және сатуға тыйым салатын заң шығаруды тапсырды. Ол мұны Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты. 

 

— Жер мәселесі халқымыз үшін әрдайым маңызды болып келді. Жер — мемлекетіміздің тірегі әрі қасиетті символы. Мен Қазақстан жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Осыған қатысты қауесетті доғару керек. Сондықтан мен былай деп ұйғардым: әуелі ауыл шаруашылығына арналған жерлерді шетелдіктерге, шетелге қатысы бар компанияларға сату және жалға беруге тыйым салуды тапсырамын, — деген мемлекет басшысы. 

 

Оның сөзінше, заң жобасын президент әкімшілігі жасайды. 


Қазақстанда жер мәселесі 2016 жылдан бері шешілмей келеді. Сол жылы Жер кодексіне жерді шетелдіктерге жалға беру туралы норма енгізілмек болған. Бұған халық наразы болып, елдің бірнеше қаласында митиң өтті. Содан кейін бұл норма заңнамадан алып тасталды. Осы митиң туралы мына жерден толығырақ оқыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

25/02/2021 13:27
45879 0

Уведомление